Ассоциация социологов Казахстана

+7(7172) 29-94-70


ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ – социогуманитарлық бағыттағы ғалымдарды біріктіру мақсатында құрылған тәуелсіз кәсіби бірлестік. 2002 жылғы 17-18 мамырда Қазақстан әлеуметтанушыларының Бірінші Конгресінде құрылды. 2003 жылдың наурыз айынан бастап ҚӘҚ - Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының (ISA) тұрақты мүшесі.

ҚӘҚ жоғары органы Қазақстан әлеуметтанушыларының Конгресі болып табылады.

Қауымдастықтың стратегиялық мақсаты елдегі әлеуметтанулық қоғамдастықтың интеллектуалдық және ғылыми-ұйымдастырушылық әлеуетін ашу.
Қауымдастық ғылыми зерттеулерге белсене қатысады, әлеуметтік және саяси өлшемдердің әдіснамасы мен әдістемесін, заманауи қазақстандық қоғамдағы үрдістерді жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. 

ҚӘҚ іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге мемлекеттік органдар – ҚР Президентінің Әкімшілігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, жетекші жоғары оқу орындары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, өңірлік университеттер, халықаралық ұйымдар, зерттеу құрылымдары көмектеседі. 

Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы Түркияның, Әзербайжанның, Ресейдің аталмыш құрылымдарымен ынтымақтастық орнатқан. Қауымдастықтың өкілдері халықаралық конгрестерге, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысады.