+7(7172) 79-43-24


ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ – социогуманитарлық бағыттағы ғалымдарды біріктіру мақсатында құрылған тәуелсіз кәсіби бірлестік. 2012 жылғы 17-18 мамырда Қазақстан әлеуметтанушыларының алғашқы конгресінде құрылды. 2003 жылғы наурыздан бастап ҚӘҚ Әлеуметтанушылардың халықаралық қауымдастығының (ISA) тұрақты мүшесі.

ҚӘҚ жоғары органы Қазақстан әлеуметтанушыларының конгресі болып табылады. 

Қауымдастықтың стратегиялық мақсаты елдегі әлеуметтанулық қоғамдастықтың интеллектуалдық және ғылыми-ұйымдастырушылық әлеуетін ашу болып табылады.
Қауымдастық ғылыми зерттеулерге белсене қатысады, әлеуметтік және саяси өлшемдердің әдіснамасы мен әдістемесін, заманауи қазақстандық қоғамдағы үрдістерді жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. 

Жүзеге асырылған жобалар:
1.«Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылым» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Астана, 2003). 

2.«Қазақстандағы модернизациялық реформалардың тәжірибесі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Алматы, 2003). 

3.«Сайлау науқанының менеджменті» Халықаралық жаздық университет (Алматы, 2004).

4.«Жаһандану және социомәдени бейімделу мәселелері» Қазақстан әлеуметтанушыларының екінші конгресі (Астана, 2005)

5.«Әлеуметтанулық зерттеулер және инновациялық даму» Қазақстан әлеуметтанушыларының үшінші конгресі (Алматы, 2008)

6.«Азаматтық қоғам және 21 ғасырдағы әлеуметтік прогресс» Түркі тілдес елдер әлеуметтанушыларының екінші конгресі (Алматы, 2008)

7.«Қазақстан және Түркия ғалымдарының ғылыми-мәдени ынтымақтастығы» атты Халықаралық ғылыми конференция (Стамбул, 2009)

8.«Қазақстан қоғамының әлеуметтік жаңғыруы: жетістіктер, проблемалар және перспективалар» атты Қазақстан әлеуметтанушыларының төртінші конгресі (Алматы, 2011)

9.Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының жас әлеуметтанушыларының бірінші форумы (Алматы, 2011)

10. «Қазіргі заманғы әлеуметтанулық дискурстегі қазақстандық білімнің жаңғыруы» атты І Әженов оқулары Халықаралық ғылыми конференция (Алматы, 2012)

11.«Башқұртстан мен Қазақстанның әлеуметтік кеңістігінің мәселелері мен даму перспективалары» атты дөңгелек-үстел, Башқұртстан әлеуметтанушыларының қауымдастығымен және РФ Башқұртстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы өкілеттілігімен бірлесе ұйымдастырылды (Астана, 2013)

12.Әлеуметтану бойынша мемлекеттік тілдегі алғашқы оқулық әзірленіп, баспадан шықты (2005).

13.Қауымдастық жас әлеуметтанушы ғалымдар үшін арнайы шәкіртақыларды құрды. Ең алғашқы табысталу 2003 жылы күзде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті 

14. Қазақстандық «САЯСАТ-Policy» журналының әлеуметтанулық тақырыпқа арналған төрт арнайы нөмірі шықты (№4-2003, №7-2007, № 4,5 - 2008 год).

15. 2009 жылдан бастап Қауымдастық «Әлеуметтану sociology» еларалық ғылыми-талдамалық журналдың негізін құрды. 

16.Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Талдықорған, Өскемен қалаларында өңірлік әлеуметтанулық мектептер өткізілді. 

17.Жыл сайынғы ауқымды және толық әлеуметтанулық зерттеулер жүргізеді:

  • «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары» (БҰҰДБ және ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен бірлесіп) (2008); 
  • «Студент жастардың өзекті мәселелерін және олардың шешу жолдарын зерделеу» (2009); 
  • ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерттеу (тоқсан сайынғы мониторинг) (2011);
  • Алматы қаласы халқының этносаралық келісім мәселелерін зерделеу (2011);
  • Алматы қ. бойынша әлеуметтанулық зерттеу «Тәуелсіздіктің 20-жылдығы қарсаңындағы Қазақстан дамуының негізгі нәтижелері: алматылықтардың пікірі» (2011);
  • Алматы қаласындағы қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингі: саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер көшбасшыларының рейтингі – тоқсан сайынғы зерттеу (2011, 2012);
  • Қазақстан Республикасы бас прокуратурасы органдарының қызметін бағалау (2012).
18.«Евромонитор» және «Тюркбарометр» жобаларына қатысу.

ҚӘҚ іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге мемлекеттік органдар – ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі; оқу орындары – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ясауи атындағы Қазақ-түрік университеті, өңірлік университеттер; халықаралық ұйымдар – «Сорос-Қазақстан» қоры, Қазақстандағы ЕЫҚҰ өкілдігі, Қазақстандағы БҰҰДБ өкілдігі, зерттеу құрылымдары көмектеседі. 

Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы Түркияның, Әзербайжанның, Ресейдің аталмыш құрылымдарымен ынтымақтастық орнатқан. Қауымдастықтың өкілдері халықаралық конгрестерге, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысады. 

Қазақстан социологттарының Ассоциациясы