+7(7172) 79-43-24


2015 жылдың 27 қарашасында Бейбіт және келісім сарайында дәстүрге айналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Астаналық әлеуметтанулық форум өткізілді

Форум ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты), Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА), Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан әлеуметтанушыларының қауымдастығы (ҚӘҚ).
Форумды Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының вице-президенті Серік Сейдуманов пен Халықаралық әлеуметтанулық қауымдастықтың Атқарушы комитетінің мүшесі (ХӘҚ) Елена Здравомыслова ашып, құттықтау сөзін сөйлейді.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауының арқасында Қазақстандағы әлеуметтану келісім мен тұрақтылықтың, біртектілікті нығайтудың және тиімді әлеуметтік инженерияның факторына айналды. Дағдарыс жағдайында әлеуметтану мен гуманитарлық зерттеулердің қазақстандық қоғамдағы белсенді рөлі жалғасуы тиіс. Бұған Қазақстанның әлеуметтанушылары барша Қазақстан халқы және әлемнің жетекші елдерінің сарапшыларымен ортақтаса отырып, атап өтетін Тұңғыш Президенті күніне арналған осы әлеуметтанулық форум өз септігін тигізіп отыр.
Форумда әлеуметтанушылардың және гуманитарлы ғылымның Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларын, оның ішінде Ұлт жоспары «100 нақты қадам: Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бағдарламасын іске асыруға атсалысуының мәселелері қарастырылды. Форумда «Қазақстан-2050» Стратегиясын ғылыми қамтамасыз ету бойынша 2013-2015 жж. арналған үшжылдық зерттеулердің Тақырыптық жоспарының қорытындылары көрсетіліп, «Мәңгілік ел» патриоттық идеясының шеңберінде қойылған міндеттер есепке алына отырып, 2016-2018 жж.жаңа Тақырыптық жоспарды қабылдау бойынша ұсыныстар келтірілді.
Форумның жұмысына 100-ден астам адам - қоғам қайраткерлері, әлеуметтік ғылымдардың өкілдері, Қазақстанның барлық аймақтарының әлеуметтанушылары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтану кафедрасының және Қазақстан жоғары оқу орындарының басқа да әлеуметтанулық бөлімдерінің студенттері, магистранттары мен PhD докторанттары қатысты.
Форумға қонақ ретінде Ресей Федерациясының, Түркия, Беларусь, Әзірбайджан, Армения мен Қырғызстанның ғалымдары мен әлеуметтанушы-практиктері шақырылды.

Астаналық әлеуметтанулық Форумның дайджесті

ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru