+7(7172) 79-43-24


«Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес секторды дамыту үрдістері туралы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау» атты тақырыптағы мемлекеттік гранты

26.06.2018

Ағымдағы жылы «Демократия институты» ғылыми-зерттеу Қауымдастығы Қазақстан Республикасының Діни істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен КАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес секторды дамыту үрдістері туралы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау» атты тақырыптағы мемлекеттік гранты аясында зерттеулер жүргізуді бастады.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстандағы ҮЕҰ секторын дамытуға тән үрдістер мен трендтерді жүйелік талдау мен зерттеу, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Зерттеудің міндеттерінің бірі ҚР Конституциясында «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Еріктілер қызметі туралы» және басқа да ұсынылған заңдар арқылы үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты заңнаманы зерттеу болып табылады.

Жалпы, Қазақстанда ҮЕҰ сектор қызметінің заңнамалық негіздері жасалынған, ол әрбір ұйымға тең және құқықтық мүмкіндіктер қағидаттарына негізделген, сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдарды дамытуды қолдау тетіктері және бақылау құралдары туралы да жазылған.

Сонымен қатар жобаны жүзеге асыру ҮЕҰ сектордың дамуындағы сандық және сапалық өзгерістерді жылдық өлшеу әдістерін әзірлеуді айқындайды, бұл жүйелі негізде сектор дамуының өзіндік ерекшеліктерін, ҮЕҰ сектордың қызметінің сапалы өсімі мен тиімділігіне кедергі болатын барьерлерді анықтауға мүмкіндік береді.

Осыған орай, біз Ұлттық баяндаманы дайындау шеңберінде сарапшыларды, үкіметтік емес сектордың өкілдерін және барлық мүдделі тараптарды ынтымақтастыққа шақырамыз. Өз ұсыныстарыңызды institute.dem@gmail.com электронды поштасына жіберсеңіздер болады.

ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru