+7(7172) 79-43-24


Астана қаласында Қазақстан Әлеуметтанушыларының VI Конгресі өтеді

08.09.2018

Астана қаласында 2018 жылдың 27-28 қыркүйегінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған Қазақстан әлеуметтанушыларының VI Конгресі өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен «Қазақстандағы әлеуметтанушылар қауымдастығы» (ҚӘҚ) болып табылады.

Конгреске ғылыми-академиялық және сарапшы-аналитик қауымдастықтарының өкілдері, АҚШ Жапония, Түркия, Ресей, БАӘ және т.б. елдерінен келген сарапшылар, ҚР парламент депутаттары, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Конгресс қонағы Халықаралық Әлеуметтанушылар Қауымдастығының (ХӘҚ) сайланған вице-президенті, әлеуметтану докторы, Рио-де-Жанейро (Бразилия) Федералды Университетінің профессоры, ХӘҚ Current Sociology журналының редакторы Элоиза Мартин болады.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, Қазақстан әлеуметтанушыларының VI Конгресі «Қазақстанның жаңғырту стратегиясы әлеуметтанулық өлшемде: жаңа құндылықтар, жаңа жүйедегі бағыт-бағдар, жаңа заман» атты тақырыпқа арналған. Конгрес қатысушылары қазіргі заманғы Қазақстанның әлеуметтануының жағдайы мен дамуы туралы өзекті мәселелерді талқылайды.

Екі күндік Конгрес аясында пленарлық отырыс, панельді сессия, мастер-класстар, семинарлар мен тренингтер жүргізіледі. Қазақстан әлеуметтануының қауымдастықтарының өкілдеріне құрмет көрсетіліп, Қазақстан әлеуметтанушылары академиясының жаңа академиктеріне дипломдар табысталады.

Ұйымдастырушылар Қазақстан әлеуметтанушыларының конгресі осы жылдың маусым айында Торонто қаласында (Канада) өткен Дүниежүзілік әлеуметтанушылар конгресінің паттерндерімен тығыз сабақтастықта өтетінін хабарлайды. Торонтода көп талқыланған урбанистика мәселесі Қазақстан әлеуметтанушылары Конгресінің «Астана – жетістіктер мекені: Еуразия төріндегі жаңа қала, жаңа идеялар, жаңа шынайылық» атты пленарлық отырысында талқыланады. Қазақстан үшін жаңғырту тұрғысынан территорияны жаңғырту алдыңғы қатарлы маңызды мәселердің бірі.

Конгрестің «Әлемдік үрдістер контекстіндегі «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананың жаңғыруы бағдарламасы атты диалог алаңы қазақстандықтардың құндылықты бағыттарының, азаматтық қоғамның Бағдарламаның жүзеге асуына қатысу және т.б. мәселелерін талқылауға арналған.

Сонымен қатар, Конгрес аясында БҰҰ Даму бағдарламасының «Орталық Азияда зорлық экстремизмінің алдын алу мақсатында жергілікті қоғамдастықтардың және аймақтық ынтымақтастықтың тұрақтылығын нығайту» атты БҰҰДБ аймақтық жобасының және ЭКСПО-2025 (Осака, Жапония) – 5.0. Қоғамы (сандық технологиялар дамуы нәтижесіндегі адамзат эволюциясының жаңа кезеңі) тұжырымдамасының таныстырылымы болады.

Конгрес жұмысының нәтижесі бойынша ҚӘҚ-ның «Әлеуметтану - Sociology» журналының арнайы басылымы шығарылады.

            Іс-шараның өтетін уақыты мен күні:

27 қыркүйек 2018 жыл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жас әлеуметтанушылар форумы өтеді: магистрант, докторант және жас ғалымдар үшін мастер класстар, тәжірибелік семинар, жас әлеуметтанушылар зерттеулерінің таныстырылымы.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында жергілікті атқарушы органдар мен аймақтық БАҚ өкілдері үшін тренингтер өтеді.

Қазақстан әлеуметтанушыларының VI Конгресінің ашылуы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасында өтеді.

 

 

Ұйымдастырушы комитет

ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru