Ассоциация социологов Казахстана

+7(7172) 29-94-70


2014 жылдың 25-26 сәуірінде Алматыда «Қазақстан – 2050: қоғамның әлеуметтік дамуы» атты Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі және «Түркітілдес елдердің дамуының ұлттық стратегиялары» атты түркітілдес елдердің әлеуметтанушыларының V Конгресі өтті

Осы іс-шараның шеңберінде Қазақстанның жас әлеуметтанушыларының II Форумы өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі және Қазақстан әлеуметтанушылар Ассоциациясы.
Қатысушыларға Қазақстан әлеуметтанушылар Ассоциациясының Президенті, Ресей Федерациясындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі - М.М. Тәжин, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі – А.Б. Сәрінжіпов, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі – А. Мұхамедиұлы сәлем жолдады.
Конгресс жұмысына 200-ден астам қатысушылар, олардың 40-қа жуығы Әзірбайжан, Венгрия, Германия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, соның ішінде Башқұртстан және Татарстаннан келген әлеуметтанушы шетел делегация өкілдері қатысты. Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі - ЖОО, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, мемлекеттік мекемелер мен Қазақстанның барлық аймақтарынан келген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің басын қосты.
Шетел қонақтары атынан сәлемдесу сөзімен сөз сөйлеген: Синдоглу Д. – Халықаралық әлеуметтанушылар Ассоциациясының (ХӘА) Атқарушы комитетінің мүшесі, Артуклу Университетінің (Түркия, Мардин қ-сы) әлеуметтану бөлімінің профессоры, экономика және басқару факультетінің деканы, ХӘА президенті Майкл Буровойдың сәлемдесу сөзімен; Тюфекчиоглу Х. – Стамбұл Университеті ректорының кеңесшісі, Стамбұл Университетінің қолданбалы әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, түркі әлемінің әлеуметтанушылар Одағының президенті, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор; Мансуров В.А. – Ресей әлеуметтанушылар қоғамының президенті, РҒА Әлеуметтану институтының құрметті директоры, Қазақстан Әлеуметтану Академиясының Құрметті Академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор; Гулиев Р. – Әзірбайжан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Әлеуметтанулық зерттеулер институтының директоры, Әзірбайжан әлеуметтанулық Ассоциациясының президенті, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор; Исаев К. – Қырғызстан әлеуметтанушылар Ассоциациясының президенті, философия ғылымдарының докторы, әлеуметтану профессоры; Каххаров А.Г. (Өзбекістан) – Ресей әлеуметтік ғылымдар Академиясының Академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.
Пленарлық отырыста шетел қонақтары атынан баяндама жасағандар: СОЦИС журналының бас редакторы, РҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.Т.Тощенко, «Корвинус» (Будапешт қ-сы) университетінің профессоры, әлеуметтану докторы, профессор П.Тамаш, Триер (Германия) университетінің профессоры, әлеуметтану докторы М.Кайзер, Гази (Анкара) университетінің әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану докторы, профессор Х.Беширли, К.Карасаев атындағы Бишкек гуманитарлық университетінің әлеуметтану кафедрасының; меңгерушісі, Қырғызстан әлеуметтану Ассоциациясының вице-президенті, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Б.А.Малтабаров.
Қазақстандық әлеуметтанушыларының пленарлық баяндамалары тыңдалды: Абдикерова Г.О. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы; Гуревич Л.Я. - «BISAM Central Asia» (Алматы) әлеуметтанулық және маркетингтік зерттеулер, бизнес-ақпарат Орталығының президенті, Қазақстан әлеуметтанушылар Академиясының Академигі, тарих ғылымдарының докторы, әлеуметтану профессоры; Забирова А.Т.– Л.Н.Гумилев атындағы (Астана) Еуразиялық ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор; Илеуова Г.Т. – «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеу орталығы» Қоғамдық қ;орының президенті (Алматы), әлеуметтану ғылымдарының кандидаты; Сәдуақасова А.К. – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Орталық-Азиялық аймақтың этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеу бойынша Орталықтың жетекшісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы.
Қазақстан әлеуметтанушылар Академиясының академиктерінің дипломдары салтанатты түрде табыс етілді және Қазақстан әлеуметтанушылар Ассоциациясының белсенді мүшелері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің медальдарымен марапатталынды: Қазақстан әлеуметтанушылар Академиясының құрметті Академиктері болып Тощенко Ж.Т., Тюфекчиоглу Х. аталынды; Қазақстан әлеуметтанушылар Академиясының академиктері – Забирова А.Т., Коновалов С.А. болып аталынды.
«Ы. Алтынсарин» төс белгісімен марапатталынғандар – Биекенов К.У., Гуревич Л.Я., Джаманбалаева Ш.Е.,Пузиков М.Ф., Утешов С.К.
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталынғандар – Абдирайымова Г.С., Абжалиева А.Т.,Алимбекова Г.Т., Бурова Е.Е., Забирова А.Т., Илеуова Г.Т., Курганская В.Д., Кучинская Ю.В., Нурбекова Ж.А.,Султанов Б.К., Телебаев Г.Т.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрмет белгісімен марапатталынғандар – Коновалов А.П., Нұсқабаев О.Н.
Конгресс шеңберінде екі диалогтық алаң өтті «Ұлттық мүдделер мен интеграциялық үрдістер» және «Ұлттық стратегиялардың қалыптасуы мен жүзеге асуындағы түркітілдес елдердің әлеуметтанулық бірлестіктердің рөлі».
Қазақстан жас әлеуметтанушыларының II Форумында - магистранттар, PhD докторанттар, жас әлеуметтанушы-оқытушылар баяндама жасады. Сонымен қатар Қазақстан жас әлеуметтанушылар Форумының жаңа төрағасы болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы Алтынбеков А.Б. сайланды.
Түркітілдес елдердің әлеуметтанушыларының V Конгресін қорытындылай келе, келесі түркітілдес елдердің VI Конгресін 2015 жылы 4-ші тоқсанында Стамбұлда (Түркия) өткізу туралы шешім қабылданды. Түркітілдес әлемнің әлеуметтанушылар Одағының төрағасы болып бірауыздан Қазақстан әлеуметтанушылар Ассоциациясының Президенті М.М. Тәжин сайланды.
Қазақстан жас әлеуметтанушыларының Форумы мен конгресс материалдарының жинақтары басылып шықты.

ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru